Wish tree

«WISH TREE» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСЫП, БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҢЫЗ! Атриумда жарықтандырылған, әдемі, ақ ағаш бар. Онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың тілектері жазылған конверттер ілініп тұрады. "Хан Шатыр" қонақтарымен бірге балалардың арманын жүзеге асырамыз.

НҰСҚАУЛЫҚ: Бұл «Хан Шатыр» CОО-ның “Wish tree” қайырымдылық жобасының символы. Конверттерде дамуында ерекшеліктері бар балалардың армандары жазылған. Cіз баланың арманын орындай отырып, оған жәрдем ете аласыз. Әр конвертте нақты бір баланың неге мұқтаж екендігі жазылған. Әдетте алғашқы қажеттілік заттары: киім, аяқ киім, дамытушы ойыншықтар. Әр тілек құны 30 000 теңгеден аспайды. 

Жобаға қатысудың екі жолы бар: 1) Ағаштан конвертті алып, сыйлықты дайындап, оны хатта көрсетілген мекенжай бойынша жеке табыстау немесе “Rесеption” орнына хабарласу. 2) Қайырымдылық құтысына кез келген сомадағы қаражатты садақа ету.

WISH TREE ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚҰТЫСЫ: «Wish tree» жобасына қатысу үшін, кез келген мөлшердегі соманы қайырымдылық құтысына салуыңызға болады. Жиналған барлық қаражат ұзақ уақыт бойы конверттерде ашылмай тұрған армандарды орындауға жұмсалады. Сіздің әр үлесіңіз дамуында ерекшеліктері бар балалар армандарының орындалатын күнін жақындата түседі. АЛҒЫС ХАТ: Қадірлі достар! Сіздердің сыйлық сыйлап, ықыласыңызға бөленген балалардың атынан сіздерге мың да бір алғысымызды білдіреміз. «Wish tree» сіздермен бірге мүлдем бейтаныс балаларға 3000-нан аса сыйлықтар табыс етіп, қуанышқа бөледі. Қуантарлық жайт, сыйлықтар мөлшері күннен-күнге артып жатыр. Сіздерге үлкен рахмет!

wish tree photo
1
2
1
2