Sky Beach Club

Sky Beach Club – бұл отбасымен және достарымен белсенді демалуға тамаша орын, мұнда жыл бойы жаз мезгілі сақталады! Sky Beach Club – астанадағы орталығымыздың күмбезінің астында орналасқан бірегей жабық жағажай клубы. Sky Beach Club жыл бойы қолжетімді, көптеген сапалы қызметтерді біріктіреді: тропикалық климат, жылы құм, 3 бассейн, су аттракциондары, жағымды музыка, релаксация, қызықты ойын-сауық, дәмді тағамдар және тамаша көңіл-күй.

Жағажай клубының бүкіл кешені 2 аймаққа бөлінген: бірі – жағажай креслолары, пальмалары және тереңдігі 1.40 үлкен бассейні бар теңіз жағалауы, екіншісі су сырғанақтарымен, 10 см-ден 1.40-қа дейінгі біртіндеп тереңдейтін балалар бассейнімен жабдықталған. Сіз бұл сұлулықты және пальма ағаштарының астындағы жағажай демалысын жылдың кез келген уақытында тамашалай аласыз. Sky Beach Club-тағы жасанды жағажайда табиғи алтын түстес және өте таза құм бар, ол үнемі жаңартылып, жылытылады. Сонымен қатар, аквапаркте су температурасы әрқашан +29°C-қа жететін бассейндер бар.

Іс-шаралар: Кешендегі әр күн қайталанбас және ерекше. Жағажайда демалудан басқа, кез-келген мерекені немесе маңызды оқиғаны, мейлі ол туған күн, үйлену тойы, маңызды кездесу, тимбилдинг немесе корпоратив болсын, атап өтуге болады.

Sky Beach Club
3
4
5
6
7
8
9